
СҚО-да елде сабаннан экопанель шығаратын алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды
ENU-Qurylys
29.12.2025 2

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласында жемшөпке жарамсыз сабаннан экологиялық құрылыс панельдерін өндіретін еліміздегі алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды. Жаңа технология экологиялық құрылыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстандағы ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға және импортты алмастыру деңгейін арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бөлісу:
